Мәзір
2 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Астана мен 12 аймақта ескерту жарияланды

Астана мен 12 аймақта ескерту жарияланды

Астана мен 12 аймақта ескерту жарияланды Астана мен 12 аймақта ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» Астанада және еліміздің 12 облысында жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, көктайғақ болатынын хабарлады деп жазады taulik.kz. 2 наурызда Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні – 15-20 м/с. Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні – 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында – 23-28 м/с. К Күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. 2 наурызда түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде – қарлы боран. Облыстың оңтүстігінде тұман мен көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде – 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні – 23 м/с, күндіз екпіні – 15-20 м/с. 2 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. 2 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған қарлы боран күтіледі. Бүгін түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с, облыстың басым бөлігінде екпіні – 23-28 м/с. Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде тұман түседі. Батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20, кейде 23-28 м/с дейін барады. Күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), қар жауады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады. Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с.

Апта талқысында: