Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
2 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстандық экс-депутаттың ұлының Украинада Ресей үшін соғысып жүргені рас па?

Қазақстандық экс-депутаттың ұлының Украинада Ресей үшін соғысып жүргені рас па?

Қазақстандық экс-депутаттың ұлының Украинада Ресей үшін соғысып жүргені рас па?
ашық дереккөзі
Мәжілістің төртінші шақырылым депутаты болған Сәмиғолла Оразовтың ұлы Ресей мүддесі үшін Украинада соғысып жүр, деп жазады taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Ол бұрын Орал қаласын ұзақ жылдар бойы басқарып, кейін Мәжіліс депутаты болған Сәмиғолла Оразовтың ұлы жат елде соғысып жүргенін мәлімдеді.
«Орал қаласының бұрынғы әкімі және ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Сәмиғолла Оразовтың 45 жастағы ұлы Бауыржан Ресей басқыншыларымен бірге Украинада соғысып жүр. Бауыржан Оразов бұрын Орал қаласындағы есірткіге қарсы күрес бөлімінде қызмет атқарған. Онымен бірге істеген әріптестерінің айтуынша, Ресей әскерінің киімін киген қазақстандық шенеуніктің ұлы. Бауыржан біраз жыл бұрын Қазақстан полициясы қатарынан шығып, Ресейге көшіп кеткен», – деп жазды Лұқпан Ахмедияров.
Журналист суретті Украина қарулы күштерінің әскерилеріне көрсеткенде олар Бауыржан Оразовтың басқыншылар жағында екенін, ДХР деп аталатын армияның еріктілері құрамында әскери іс-қимылдарға қатысатынын айтқан. Бұл сурет аталған жағдайға толық дәлел бола алады.