logo
search
menu
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Тараз қалалық сотының төрағасы бас бостандығынан айырылды
ашық дереккөзі

Тараз қалалық сотының төрағасы бас бостандығынан айырылды

Тараз қалалық сотының төрағасы бас бостандығынан айырылды Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А.Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды taulik.kz. Сондай-ақ А.Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
"Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған", - делінген Халық үні таратқан мәліметте.