logo
search
menu

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
3 наурыз, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мемлекет басшысы Шымкент қаласында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді,деп хабарлайды taulik.kz cайты akorda.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайын және оны нығайту перспективаларын өзара сенім, достық және тату көршілік рухында қарастырды. Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр желтоқсан айында Ташкентке жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Екі ел басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары туралы сөз болды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы