Шалқар-Бозой трассасында болған көлік апаты салдарынан ауруханаға түскен оқушы қыз көз жұмды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Жол апаты 4 наурыз күні сағат 20:55-те Шалқар-Бозой тасжолында болды
Toyota Land Cruiser автокөлігін тізгіндеген кәмелетке толмаған бала рульге ие бола алмай, машина аударылған. Көлікте 5 оқушы болған. Бір қыз бала оқиға орнында қаза болды, үш ұл мен тағы бір қыз ауруханаға түсті.
«Өкінішке қарай ес-түссіз жатқан жасөспірім қыз сағат 18:30-да қайтыс болды. Қалған екі баланың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында», - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, 2008 жылы туған екі баланың аяғы сынған. Екеуі де облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Тағы бір бала жеңіл жараланып, амбулаторлық бақылауға алынды.