Мәзір
7 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қалыңмалды қайтару мүмкін бе? – Заңгерлер жауабы

Қалыңмалды қайтару мүмкін бе? – Заңгерлер жауабы

Қалыңмалды қайтару мүмкін бе? – Заңгерлер жауабы Қалыңмалды қайтару мүмкін бе? – Заңгерлер жауабы
ашық дереккөзі
Жастардың дәм-тұзы жараспай ажырасып жатқандар жайлы көп айттық. Соңғы жылдары дүние-мүлік былай тұрсын, қыз жасауы мен қалыңмалды қайтару деректері көбейген. Заңдастырылмаған дәстүр даулары қалай шешілетінін заңгерлер айтып берді, деп хабарлайды taulik.kz Еуразия арнасына сілтеме жасап.  Елімізде қалыңмалды, қыз жасауды сот арқылы қайтару процесі жиілеген. Ең сорақысы сыйлық ретінде берілген қаражат құдалар арасында кәдімгідей дауға ұласқан. Қала тұрғыны Үміт Дүйсенованың сөзінше, қазір ажырасу былай тұрсын, екі отбасы арасында дәстүрге қатысты жанжалдар көбейген.
“Дүние – көздің құрты дейді. “Қалыңмал беріп қойдым” деп іші күйіп жатады. Бұл жерде мәселе адамдардың адамгершілігіне байланысты”, – дейді ол.
Әлеуметтік желіде де қалыңмалды қайтару мәселесі қызу талқыланып жатыр. Халықтың да пікірі қақ жарылған. Біреуі қалың малды қайтару дұрыс десе, “ажырассаң да қалдырған дұрыс” дейді. Ал Фемида өкілдерінің айтуынша, қалыңмал заңдастырылмаған дәстүр.
“Заң жүзінде заңдастырылмай келеді. Себебі қалыңмалды адам өз еркімен, өз ойымен береді. Сомасының қаншалықты болатынын әрбір азамат өздері анықтайды”, – дейді заңгер Мерхат Ахметолдин.
Қысқасы, қанша жерден қалыңмалды қайтарамын деп тыраштанса да, мүмкін емес процесс дейді.
“Заң тұрғысынан, қалыңмалды ешқашан қайтарып алу мүмкін емес. Екіншіден, қалыңмал бойынша келісімшарт қазіргі заңда көрсетілмеген. Егер келісімшарт жоқ болса өзара ажырасқаннан кейін егер де кейбір жағдайлар бойынша қайтару керек болса да, алу мүмкін емес”, – дейді Мерхат  Ахметолдин.
Сандарға сенсек, 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан.

Апта талқысында: