logo
search
menu

Астаналық ардагерлерге 1 млн теңге қаржылық көмек беріледі

Астаналық ардагерлерге 1 млн теңге қаржылық көмек беріледі
7 наурыз, 2023
Астаналық ардагерлерге 1 млн теңге қаржылық көмек беріледі
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жеңіс күніне орай елордалық 12 ардагерге 67 АЕК (231 150 теңге) көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды taulik.kz. Еңбек ардагерлеріне, (II Дүниежүзілік соғыста қайтыс болған, хабарсыз кеткен) екінші некеге тұрмаған жауынгерлердің ата-аналары мен жесірлеріне, екінші некеге тұрмаған жұбайына 11 АЕК (37 950 теңге) әлеуметтік көмек қарастырылған. Биыл әр ардагерге әлеуметтік көмекпен бірге 800 000 теңгеден және екінші некеге тұрмаған жауынгерлердің жесірлеріне 30 мың теңгеден қаржылық көмек беріледі. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Астана қаласы маслихатының шешім құжатында жарияланды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы