Енді біз өзіміз Марина дейміз, Мұңсыз апай ғой. Ол кісіге қарап үлгі аламыз. Аман-есен осы жерден зейнетке шықсын. Көңіл-күйі жақсы. Күнде күліп жүреді, жүзінен күлкі кетпейді, - дейді қалалық №3 автопарктің жүргізушісі Нұрзат Ақылбеков.40 жылғы еңбек өтілінде Мұңсыз Тілегенованың жұмысына тұрғындардан бірде-бір шағым түспеген. Оның жаны нәзік болғанмен, еңбегі ерлермен тең. Тіпті жұмыста жүріп жарақат алған кезі де болған. Өз ұжымында сыйлы маман биыл 60 жасқа толды. Автопарктегі басқа көлік жүргізушілері әріптестерін әр мереке сайын құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп тұрады. Өзінің өнегелі еңбегімен және қарапайым да парасатты мінезімен ерекшеленетін Мұңсыз Тілегенованың қала тұрғындары арасында да абырой-беделі жоғары.
40 жыл бойы қоғамдық көлік тізгіндеген қарағандылық әйел
40 жыл бойы қоғамдық көлік тізгіндеген қарағандылық әйел
7 наурыз, 2023
Мазмұны
Қарағанды қаласының тұрғыны Мұңсыз Тілегенова жасы алпысқа келсе де әлі күнге дейін автобус жүргізіп жүр. 40 жыл бойы қоғамдық көлікті тізгіндеген бұл кісіні кеншілер шаһарының тұрғындары өте жақсы біледі, деп жазады taulik.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Мұңсыз Тілегенова – Ақтөбе облысының тумасы. Сол өңірде 19 жыл тролейбус жүргізген. Кейін Қарағандыға көшіп келіп, автопаркке жұмысқа тұрған. Ол – қазір қаладағы автобус жүргізетін жалғыз әйел.
taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы