Семейде 4 бала газға уланып қалды

Семейде 4 бала газға уланып қалды

ашық дереккөзі

Семейде жеке тұрғын үйлердің бірінде 4 бала газға уланып қалды, деп хабарлайды Taulik.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«8 наурызда Семейдегі жеке тұрғын үйлердің бірінде көмірмен жылыту пешін пайдалану ережелерін сақтамағандықтан 4 бала газға уланып қалды. 4 және 5 жастағы балалар улы газдан жеңіл дәрежеде уланғандықтан дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді. Ал 11 және 7 жастағы екі бала Семей қаласының «Бүйрек орталығы» мекемесіне токсикология бөлімшесіне жатқызылды», - делінген хабарламада.

Loading...