Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
10 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Сабақта оқушы мен мұғалімнің ұялы телефон пайдалануына тыйым салынбақ

Сабақта оқушы мен мұғалімнің ұялы телефон пайдалануына тыйым салынбақ

Сабақта оқушы мен мұғалімнің ұялы телефон пайдалануына тыйым салынбақ
ашық дереккөзі

Сабақ барысында оқушылар мен педагогтердің ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі», – деп жазылған жаңа редакцияда.

Сонымен бірге, жаңа өзгеріске сәйкес, мектептің ішкі тәртібіне қарама-қайшы әрекет жасаған оқушылар, олардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ескертпестен мектептен шығарылмайды.

«Білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді. Білім беру ұйымы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді қажет болған жағдайда оларды білім беру ұйымына шақыра отырып, болған жағдай туралы хабардар етеді және тиісті шаралар қабылдайды», – делінген құжатта.

Бұған қоса, сабақ кезінде қажеттілік болмаған жағдайда педагог пен оқушыға ұялы телефон қолдануға тыйым салынады.

«Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтер сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды», – деп өзгеріс енгізілген бұйрыққа.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамада жоғарыда аталған ережелер жоқ.

Бұйрық 28 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.