Мәзір
10 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Қай ел ұсынғанын білмейміз»: СІМ Қазақстанның Шенген бойынша «қара тізімге» енуіне түсініктеме берді

«Қай ел ұсынғанын білмейміз»: СІМ Қазақстанның Шенген бойынша «қара тізімге» енуіне түсініктеме берді

«Қай ел ұсынғанын білмейміз»: СІМ Қазақстанның Шенген бойынша «қара тізімге» енуіне түсініктеме берді «Қай ел ұсынғанын білмейміз»: СІМ Қазақстанның Шенген бойынша «қара тізімге» енуіне түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанның Шенген бойынша қара тізімге енгені жайлы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды taulik.kz сайты ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Василенконың сөзінше, Шенген келісімі аясында бір елдің бастамасымен келесі бір мемлекетті «қара тізімге» енгізу тәртібі қарастырылған.
«Мұндай шешім күнтізбелік 7 күн ішінде қаралады. Шынында да бұл тізімде ұзақ жылдар бойы болмаған Қазақстан Еуропа елдерінің бірінің бастамасымен «қара тізімге» енді. Әзірге қандай мемлекеттің ұсынысы екенін білмейміз», - деді министрдің орынбасары.
Ведомство тиісті шешімнің қабылдануына не себеп болғанын анықтамақ.
«Олар бізге қай елдің мұны істегенін және қандай себеппен жасағанын айтуға, ақпарат ұсынуға міндетті емес. Бірақ біз келіссөз жүргізу арқылы мәліметті анықтаймыз деп үміттенеміз», - деді Р. Василенко.

Апта талқысында: