Атырауда асфальттағы шұрық тесіктерге кірпіш төселген

Атырауда асфальттағы шұрық тесіктерге кірпіш төселген

ашық дереккөзі

Желіде Атыраудағы асфальт суреті тарады. Суретте ойылған асфальттың орнына кірпіш төселгенін көруге болады. Қалалық әкімдік өкілдері бұл жайтқа қатысты түсінік берді деп хабарлады taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет жергілікті atyrauoil.official Instagram-парақшасында пайда болды. Парақша оқырмандары бұл жайтқа қатысты түрлі әзіл жазған.

Атырау қалалық әкімдігінің бапасөз қызметінің мәліметінше, бұл жол жөндеу жұмыстарына дейінгі уақытша алынған шара екен.

«Жол жөндеу жұмыстары күн жылыған кезде басталады. Шамамен осы наурыз айында басталуы мүмкін. Сондықтан оған дейін жүргізушілерге ыңғайлы болсын деп осындай шара алынып отыр», – делінген хабарламада.

Loading...