Көпшілігіміз түнде смартфондағы Wi-Fi мен мобильді интернетті өшірмеуге дағдыланғанбыз, ал кейбіреулері тіпті бұл туралы ешқашан ойланбаған. Дегенмен түнде интернетті өшіру бірден бірнеше себептерге байланысты пайдалы болуы мүмкін, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Бұл ретте сарапшылар түнде смартфондағы интернетті ғана емес, үйдегі маршрутизаторды да өшіруге кеңес береді. Осылайша сіз оның қызмет ету мерзімін ұзартып қана қоймай, сонымен қатар Wi-Fi маршрутизаторы тұрақты жұмыс кезінде тұтынатын электр қуатын үнемдейсіз. Не себепті түнде WI-Fi желісін өшіру керек? Батареяны үнемдеу. Интернеттен ажыратылған смартфон сізбен бірге жұмыс істеуден "демалады " және батареяны үнемдейді – ол әлдеқайда баяу таусылады, осылайша батареяның "өмірін" ұзартады. Бұл әсіресе 3-4 жылдан асқан құрылғыларға қатысты. Қауіпсіздік. Wi-Fi әрқашан қосулы болса, телефоныңыз басқа желілерге сіз білмей қосыла алады, әсіресе Wi-Fi параметрлері телефоныңыз бұрыннан пайдаланған желілерге автоматты түрде қосылатын етіп орнатылған болса. Мысалы, телефон қауіпті немесе зиянды Wi-Fi желісіне қосылса, белгілі бір қауіпсіздік тәуекелдерін тудыруы мүмкін. Радиацияның төмендеуі. Құрылғы белсенді емес болса да, ол бәрібір де SAR шығарады. Сондықтан сарапшылар одан шығатын электромагниттік сәулеленуді азайту үшін түнде Wi-Fi-ды өшіруді (және телефонды мүмкіндігінше алыс қоюды) ұсынады. Алаңдатушы факторлардың азаюы.Егер Wi-Fi түнде қосулы болса, сізді оятуы мүмкін бірнеше ескертулер немесе хабарламалар міндетті түрде келеді. Wi-Fi желісін өшіру алаңдаушылықты азайтады және ұйқының сапасын жақсартады. Жалпы алғанда, түнде Wi-Fi-ды өшіру пайдалы болуы мүмкін, бірақ бұл сіздің жеке қалауларыңыз бен қажеттіліктеріңізге байланысты. Егер сіз қандай да бір себептермен Wi-Fi-ды өшіргіңіз келмесе, телефонды қауіпті желілерге автоматты түрде қосылмайтындай және түнде экранда хабарландыруларды көрсетпейтін етіп орнатуға болады.
Loading...