logo
search
menu

Қытайда жаңбырдың орнына аспаннан құрт «жауған»

Қытайда жаңбырдың орнына аспаннан құрт «жауған»
13 наурыз, 2023
Қытайда жаңбырдың орнына аспаннан құрт «жауған»
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Желіде Қытайдың "Ляонин провинциясында болған" оқиға туралы видео тарап жатыр. Бейнероликте провинцияда аспаннан жаңбырдың орнына құрт жауғанын көруге болады, деп хабарлайды Taulik.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

    Видеода көліктер мен жерде құрттар жатқанын, ал адамдар қолшатырмен кетіп бара жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары аспаннан жаңбырдың орнына құрт жауғанын жазған. Mother Nature Network зерттеушілерінің деректері бойынша, бұл жиі болып тұратын құбылыс. Ал құрттар қатты желдің әсерінен ауаға түсіп, дауыл басылған кезде жерге құлаған болуы мүмкін.

    Алайда кейбір адамдар бұл құрт емес, теректерден түскен нәрселер екенін де айтады. Ал енді бірі бұл видео фейк болуы мүмкін екенін де жазған.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы