Мәзір
13 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Ақтөбе облысында екібасты бұзау туды

Ақтөбе облысында екібасты бұзау туды

Ақтөбе облысында екібасты бұзау туды Ақтөбе облысында екібасты бұзау туды
ашық дереккөзі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра совхозында екібасты бұзау туды. Бұл туралы желі қолданушысы Нұрболат Туысбайұлы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Балалық шағым өткен ауылда екібасты бұзау дүниеге келіпті.

Кластастарымның чатынан ұққаным, ауыл халқында үрей бар сияқты.

Экологияның белгісі ме екен?..» – деп жазды ол.

Бұзаудың екі беті мен екі аузы, төрт көзі мен екі құлағы бар. Бірақ басы бірге біткен.

Бұзаудың өзгешелігі  полицефалия деп аталады. Ол рептилия, сүтқоректілер тұқымында кездеседі. Адамдарда да болуы мүмкін. Егер екі эмбрион құрсақта бірге бітіп кетсе, басы ғана бөлініп, денесі бірігіп кетеді. Мутанттар өмірге келісімен өліп кетеді. Бірақ ұзақ өмір сүретіндері де бар.

Апта талқысында: