«Навальный» деректі фильмі Оскар сыйлығын алды

«Навальный» деректі фильмі Оскар сыйлығын алды

ашық дереккөзі

Сыйлықты режиссерден бөлек, Навальныйдың әйелі мен балалары сахнаға шығып, бірге алды. Бұл туралы "Тіл кеспек жоқ" телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Менің күйеуім тек шындықты айтқаны үшін түрмеде отыр. Ол тек демократияны қорғағаны үшін түрмеде отыр. Алексей, сен түрмеден шығып, еліміз азат болатын күнді армандаймын», – деді Юлия Навальная марапаттау кезінде.

Фильмде ресейлік оппозициянер Алексей Навальныйдың улануы мен Ресейге оралуы көрсетіледі.

Loading...