Қостанайда алып қыз дүниеге келді

Қостанайда алып қыз дүниеге келді

ашық дереккөзі

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 6 келі 700 грамм, бойы 69 сантиметр қыз бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап. Жергілікті дәрігерлер туылғандағы салмағы нормадан асатын сәбилерді «Алып жеміс» деп атайды.

"Акушерлік тәжірибеде салмағы 4-5 келі болатын нәресте алып болып саналады. Алты келі немесе одан да көп болатын нәрестелер сирек кездеседі", - деп атап өтті перинаталдық орталық.
Балалар бөлімінде нәрестені неонатолог дәрігерлер Ақмарал Ақатай мен Әсет Өтегенов бақылап отыр. Ана мен баланың жағдайы жақсы. Айаруды Әулиекөлдегі үйінде әкесі,ағасы,әпкесі күтіп отыр. "Анамның босануы жоспар бойынша, кесарь тілігі арқылы өтті. Жаңа туған нәресте екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бүгінде анасы мен сәбиі өздерін жақсы сезінеді. Қызға Айару есімі қойылып қойды және ол отбасындағы үшінші бала», - деді перинаталдық орталықта. Әйгерім Долдашева перинаталдық орталық дәрігерлеріне өзі және қызы үшін алғысын білдірді.  

Loading...