Келесі аптада қазақстандықтар небәрі екі күн – дүйсенбі мен жұмада жұмыс істейді. Өйткені Наурыз мерекесінің құрметіне тұрғындар қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды taulik.kz «Электронды үкімет» сайтына сілтеме жасап. Қазақстанда Наурыз 21 наурыздан бастап тойланады. Биыл қазақстандықтар мереке құрметіне қатарынан үш күн – сейсенбіден бейсенбіге дейін (21, 22, 23 наурыз күндері) демалады. Осылайша, алдағы аптада дүйсенбі мен жұма жұмыс күні болып саналады. Ал 24-25 наурыз әдеттегідей демалыс күні болады.
Loading...