logo
search
menu

Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты

Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты
14 наурыз, 2023
Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды taulik.kz. Рыбакина турнирдің үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездесіп, оны 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылып, Рыбакина 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. П.Бадоса 2 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) жасады. Енді ол 1/8 финалда әлемнің 8-ракеткасы, Ресей өкілі Дарья Касаткина немесе рейтингте 66-орындағы тағы бір Ресейдің өкілі Варвара Грачевамен кездеседі.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы