«Республикамызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне COVID-19 ауруы орташа есеппен 100 жағдайға дейін тіркелуде. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер «жасыл» аймақта тұр. Сонымен қатар 7 өңірде R көрсеткіші 1 бірліктен жоғары. Бұл аурудың таралуымен байланысты болып отыр. Осыған орай, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болған кезде халық көп жиналатын жерлерде маска кию ұсынылады», - деді ол.
Сайлау күнінде маска тағу ұсынылады
Сайлау күнінде маска тағу ұсынылады
14 наурыз, 2023

Мазмұны
19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде дауыс берушілерге масқа кию ұсынылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Емағамбетова айтты, деп хабарлайды taulik.kz.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы