Қостанайда жоғалып кеткен 7-сынып оқушысы аман табылды
«Іздеуге полицияның барлық жасақтары мен еріктілер бағытталды.Бүгін кешке ер бала азық-түлік дүкенінің жанынан табылды. Қазір тәртіп сақшылары оның қай жерде болғанын анықтап жатыр», - делінген хабарламада.Оқушыны іздеуге психологтар мен ювеналды полиция қызметкерлері де тартылған.