logo
search
menu

Түркияда тағы жер сілкінісі болды

Түркияда тағы жер сілкінісі болды
14 наурыз, 2023
Түркияда тағы жер сілкінісі болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түркияның Кахраманмараш провинциясында рихтер шкаласы бойынша 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы апаттарды жою басқармасы (AFAD) жариялаған, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Жерасты дүмпулері Гексун ауданында 7 шақырым тереңдікте тіркелді. Кандил ауданында жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болды. Мамандардың айтуынша, бұл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен кейінгі қайталама дүмпулер  болуы мүмкін.Бүгінде Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты. Естеріңізге сала кетейік, ақпанның басында Түркияның Кахраманмараш провинциясы 7,7 және 7,6 баллдық жойқын жер сілкіністерінің ортасында болды. Осыдан кейін аймақта жаңа жер сілкінісі қайталанды, бірақ магнитудасы төмен болған еді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы