Қазақстанда тапқан табысына қарамастан балалы болған отбасыларға жәрдемақы тағайындалады. Мемлекеттен бала дүниеге келгенде, бала күтімі үшін бір рет, сондай-ақ көпбалалы отбасылар мен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған аналарға ай сайын белгілі бір мөлшерде жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды Taulik.kz Egemen.kz айтына сілтеме жасап. №1. Бала туғанда берілетін жәрдемақы Бұл – бала тууға байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы. Туу жәрдемақысы жұмысшыларға да, жұмыс істемейтін әйелдерге де төленеді. Бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін ХҚКО немесе eGov арқылы өтініш береді. Өтініш берушінің келесі құжаттары ақпараттық жүйелерден алынады:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- баланың туу туралы куәлігі немесе АХАЖ органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама мәліметтері;
- неке қию және бұзу туралы куәлік;
- балаға қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;
- тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер.
- бірінші, екінші және үшінші баланың тууына – 38 АЕК немесе 131 100 теңге;
- төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 217 350 теңге.
- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 19 872 теңге;
- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 23 495 теңге;
- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 27 083 теңге;
- төртінші және одан да көп балаға – 8,90 АЕК немесе 30 705 теңге.
- төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 55 303 теңге;
- бес балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- алты балаға – 24,05 АЕК немесе 82 972 теңге;
- жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
- сегіз және одан көп баланың әрбіріне 28,06 АЕК-ге 4 АЕК (13 800 теңге) қосылып отырады.
- өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы ана атағын алғандығын немесе марапатталғанын растайтын құжат;
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы.
- ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш;
- марапатталғанын растайтын құжаттың электронды көшірмесі.
- ХҚКО;
- eGov порталы;
- ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет).
№6. «Қазпошта» арқылы жәрдемақыны үйге жеткізу
«Қазпошта» бөлімшелері арқылы жәрдемақылар келесі адамдардың үйіне жеткізіледі:
- Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және осы кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар азаматтарға;
- 80 жасқа толған жәрдемақы алушыларға;
- І топтағы мүгедектігі бар азаматтарға;
- бөгде адамның күтіміне мұқтаж екені және денсаулық жағдайы бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға;
- пошта байланысының автоматтандырылған бөлімшелері болмаған жағдайда ауылдық жерде тұратын адамдарға.
- бала қайтыс болса және баланы мемлекеттің толық қамсыздандыруына берсе;
- тағайындау үшін негіздемелер жойылса немесе көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы алушы қайтыс болса;
- мемлекеттік наградалардан айырылса;
- ҚР азаматтығын тоқтату фактісі анықталса;
- өтініш беруші жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынса;
- бала күтімі бойынша жәрдемақы алушы үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер түссе;
- кәмелет жасқа толған бала оқудан шығарылса;
- ата-ана құқықтарынан айырылса немесе шектелсе;
- бала асырап алу жарамсыз деп танылса немесе оның күші жойылса;
- қорғаншыларды өз міндеттерін атқарудан босатылса немесе шеттетілсе.