Павлодарда тік ішегі бітеу бала туды. Дәрігерлердің айтуынша, бұндай жағдай мыңның бірінде ғана кездеседі, деп хабарлайды taulik.kz Астана арнасы.
Телеарна хабарлауынша, ақ халаттылар оған күрделі операция жасап, тік ішегін қалпына келтірді. Сәби туғанда өңеші мен асқазаны да бір-біріне байланыспаған. Оған да операция жасалып, өңеш пен асқазан арқылы тік ішекке баратын жолды ашқан.
Бала операциядан кейін жансақтау бөлімінде болды. Жансақтауда жатқаннан кейін баланы бөлімшеге ауыстырып, анасына бердік. Анасы омырау емізіп, бақыладық. Соңына дейін емдедік. Сондықтан баланы амбулаторлық емдеуге жібердік. Бақылап жатырмыз, - дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жандос Мусин.
Бұл ауру медицинада «өңеш атрезиясы» деп аталады. Павлодар облысында өткен жылы осындай 5 жағдай тіркелген.
Дәрігерлердің сөзінше, бұл ауруды сәби туғаннан кейін 36 сағат өтпей операция жасаса ғана, баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар.
https://youtu.be/gx_HSvyrjCU