logo
search
menu

Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Анкараға барады

Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Анкараға барады
15 наурыз, 2023
Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Анкараға барады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды taulik.kz.
    «Іс-шара барысында Ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады», – деп жазды Ақорданың ресми сайты.
    Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы