logo
search
menu
Алматыда балалар ойнайтын ауладан ер адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі

Алматыда балалар ойнайтын ауладан ер адамның мәйіті табылды

Алматыда балалар ойнайтын ауладан ер адамның мәйіті табылды Алматыда полиция танысын пышақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды taulik.kz полицияға сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, 15 наурызға қараған түні Самал-3 шағын ауданындағы балалар алаңқайының бірінен ер адамның денесі табылған. Тәртіп сақшылары деректі Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар ішімдікті бірлесіп ішкен. Содан кейін олардың арасында жанжал туындап, танысы 35 жастағы ер адамды пышақтап кеткен. Полиция қылмыстың ізін суытпай ашты. 2001 жылы туған Д. атты күдіктіні анықталып, қамауға алынды», – делінген хабарламада.