Мемлекеттік тіл мен қазақтарды қорлаған алматылық модель мәлімдеме жасады

Мемлекеттік тіл мен қазақтарды қорлаған алматылық модель мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

Алматыда тұратын, өзін модельмін деп санайтын Эмилия есімді бойжеткен қазақ тілі мен шымкенттіктерге қатысты дөрекі сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты "golos-naroda.kz"-ке сілтеме жасап. Эмилия өз сұхбатында ешкімді ренжіткісі келмегенін, оны дұрыс түсінбегенін ашық айтты.Бойжеткен өз елін сүйетінін, салт-дәстүрді жақсы ұстанатынын айтады. Оның үндеуі оған құрметсіздік танытқан адамдарға, дәлірек айтсақ шымкенттіктерге арналды.

«Мен Астанада тұрдым. Сосын Шымкенттегі бұрынғы күйеуіме көшіп келдім. Шынымды айтсам, оңтүстікте модельдік бизнестегі әріптестерім, қыздар менің түсінбейтінімді жақсы білсе де, қазақ тілінде сөйлесе бастады. Бұл ұлтшылдық аясындағы қорлау болды. Бұл екі жылдан бері байқалып келеді. Осыдан кейін қыз-келіншектер пікірлерде қазақ тілінде намысыма тиетін сөздер жаза бастады. Мен достарымнан олардың сөздерін маған аударуын өтіндім. Бейнежазбамда эмоцияма ерік бердім, бірақ менің балағат сөздерім қазақ тіліне арналмағанына сендіргім келеді. Ол мені қорлаған әйелдерге арналды», — деп түсіндірді Эмилия.
Қазір қыз Стамбулға ұшып кетті. Ол сонда бірнеше күн өткізуді жоспарлап отыр. Отанына оралған Эмилия Шымкенттен кетуге ниетті. Оның айтуынша, оңтүстікте өмір сүру оған арналмаған екен.
«Қазір мен Алматыға көшуді жоспарлап отырмын. Меніңше, Алматының адамдары Шымкенттегідей емес, әртүрлі сияқты. Мен модельдік мансабымды тастаймын. Қазір мен орысша және ағылшын тілін орташа деңгейле білемін. Ал қазақ тілі маған қиындық тудырады.Мен тек тілдің негізін білемін. Болашақта қазақ тілі бойынша білімімді жетілдіргім келеді», - деп қосты бойжеткен.
Еске салайық, 10 наурыз күні әлеуметтік желіде бойжеткеннің мемлекеттік тіл туралы балағаттап сөйлеген видеосы тараған болатын. Атап айтқанда, бойжеткен шымкенттіктерді жек көретінін, өйткені олар онымен өзі білмейтін қазақ тілінде арнайы сөйлесетінін айтты. Бұған дейін Эмилия БАӘ-дегі интимдік қызметтерден ақша табуға көмектескен ер адамды ақшаға алдады деп айып тағылып даудың астында қалған. Қыздың айтуынша, ол 20 жаста, Алматы қаласында тұрады.

Loading...