logo
search
menu

Елімізде 66 науқас қызылша дертіне шалдықты

Елімізде 66 науқас қызылша дертіне шалдықты
15 наурыз, 2023
Елімізде 66 науқас қызылша дертіне шалдықты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жыл басынан бері елімізде 66 науқас қызылша дертіне шалдықты. Соңғы мәлімет бойынша, ауру 11 облыстан анықталып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
    «Қазір қызылша бойынша эпиджағдай күрделі. Жыл басынан 66 күдікті жағдай тіркелді. Оның ішінде 31 науқас лабораториялық зертханамен расталды. Олар Алматыда,  Жетісу облысында, Қарағанды облысында, Атырау облысында тіркелді. Астана, Ақтөбе, Павлодар облысында науқас бар. Олардың арасында 14 жасқа толмаған 29 бала бар. Екеуі ересек науқас. Қызылша – жұқпалы ауру. Ауа тамшы жолдарымен беріледі. Оның жолдары епке алмаған науқас ауырған адаммен жақын қарым-қатынаста болса, 100 пайыз қызылшамен ауырады. Қызылшаның тағы бір ерекшелігі – аурудың белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас. Біріншіден, дене қызуы көтеріледі, әлсіздік болады. Кейін 4-5 күн ішінде бөртпелер пайда болады. Ал науқас ол бөртпе шыққанға дейін 4 күн, шыққаннан кейін 4 күн ауруды басқа адамдарға жұқтырады», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы