Ақмола облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды, екі адам ауруханада жатыр деп
taulik.kz сайты хабарлайды
Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты «Алматы-Екатеринбург» автожолында екі көлік бетпе беп соқтығысқан.
«Алматы-Екатеринбург» автожолының 1223-шақырымында Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Alphard көлігі мен 42 жастағы астаналық басқарған Тоyоtа Cаmry автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында Toyota Alphard көлігінде болған төрт жолаушы көз жұмды. Ал оның жүргізушісі және тағы бір жолаушы Астана қаласындағы ауруханаға жатқызылды», – деді ведомстводан.
ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен («Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу») сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.