logo
search
menu

БҚО-дан зорлықпен өлтірілген жігіттің денесі табылды

БҚО-дан зорлықпен өлтірілген жігіттің денесі табылды
16 наурыз, 2023
БҚО-дан зорлықпен өлтірілген жігіттің денесі табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Батыс Қазақстан облысында зорлықпен өлтірілген 22 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 наурыз күні Бәйтерек ауданы Октябрь ауылында болған. – Таңғы сағат 08.30-да ауыл маңынан 2001 жылғы жігіттің мүрдесі табылды. Оның денесінде ұрып-соғу белгілері бар. Тиісті сараптама тағайындалды.
    Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 2003 жылғы С. және 2005 жылғы Қ. деген кәмелетке толмаған тұрғын анықталып, ұсталды.
    Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомстводан.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы