Мәзір
16 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Оқушылардың көктемгі демалыс күндері белгіленді

Оқушылардың көктемгі демалыс күндері белгіленді

Оқушылардың көктемгі демалыс күндері белгіленді Оқушылардың көктемгі демалыс күндері белгіленді
ашық дереккөзі
16 наурызда Оқу-ағарту министрлігі 9 күнге созылатын көктемгі демалыс күндерін жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Оқушылардың көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурыз аралығында, яғни 9 күн демалады», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді. Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы: 1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы: 1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қараша аралығы); 2 тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін); 3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 9 күн (18-нен 26 наурыз аралығы); 4 тоқсан - 10 оқу аптасы; Сонымен қатар 1-сыныпта қосымша демалыс – 7 күн (6-12 ақпан аралығы).

Апта талқысында: