logo
search
menu

Әйелімен ажыраспақ болған ер адам имамды 13 жерден пышақтап тастаған

Әйелімен ажыраспақ болған ер адам имамды 13 жерден пышақтап тастаған
16 наурыз, 2023
Әйелімен ажыраспақ болған ер адам имамды 13 жерден пышақтап тастаған
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астана қаласында әйеліне ашуланған ер адам мешітке келіп, имамды 13 жерден пышақтаған, деп хабарлайды taulik.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 1990 жылы туған Жібек Жолы ауылының тұрғыны әйелімен ұрсысып қалып, елордалық мешітке барғанын мәлімдеді. Ол мешітте дін жолымен ажыраспақ болған.
    "Ашу үстінде келіп, намаз оқып жатқан имамға пышақ ұрған. Ер адам ұсталды, Астана қаласы ПД Алматы ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр", - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.
    Имам ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Күдіктінің әйелі үйде отырып, суицид жасамақ болған. Ол сірке суын ішкен. Әйел Астанадағы 1 қалалық ауруханасына жатқызылды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы