Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
16 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

75 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарын ала алады

75 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарын ала алады

75 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарын ала алады
ашық дереккөзі
Сенат депутаттары жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасын екінші оқылымда қабылдады. Бұл құжатқа енгізілген маңызды өзгерістер мен толықтырулар туралы сенатор Ләззат Қалтаева айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Атап айтқанда, ұзақ еңбек сіңіргені үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға тұрмыс жағдайын жақсарту немесе өз емделуіне немесе жұбайының немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын алу құқығы беріледі.
«Бұл шара 75 мыңнан астам зейнеткерді қамтиды, олардың зейнетақы жинақтары шамамен 120,5 млрд теңгені құрайды», - деді Ләззат Қалтаева.
Сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысы зейнетақы активтерінен айына 0,01 пайыздан 0,008 пайызға дейін, бірақ бір жеке зейнетақы шотынан айлық есептік көрсеткіштің 0,04 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде азайтылады.
«Бұл ереже БЖЗҚ-да зейнетақы қоры бар барлық 11,9 миллион салымшыға қатысты болады және олардың зейнетақы жинақтарына оң әсер етеді», - деп қосты сенатор.
Еске сала кетейік, Әлеуметтік кодекс жобасында қазақстандықтарды әлеуметтік қолдаудың жеті негізгі бағыты, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және зейнетақымен қамсыздандыру шаралары көрсетілген: балалары бар адамдарды (отбаларын) әлеуметтік қолдау; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары; кедейлік шегінен төмен тұратын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек; арнаулы әлеуметтік қызметтер; мүгедектерді әлеуметтік қорғау; зейнетақымен қамтамасыз ету; азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде асыраушысынан айырылғандарды әлеуметтік қолдау. Қазіргі уақытта бұл мәселелер әлеуметтік кодекстің қабылдануымен жойылатын тоғыз тәуелсіз заңмен реттеледі.