Елордалық полицейлерге дүкен иесі хабарласып, 8 дана вискиді алып кеткенін айтып арызданған деп хабарлады taulik.kz сайты turkystan.kz. -ке сілтеме жасап. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында қыздың сағат 17:00 шамасында Есенберлин көшесі бойында орналасқан супермаркеттердің біріне барғаны анықталды. Бейнежазбада ол вискилерді алып, балалар арбасының ішіне жасырғанын көруге болады. Келтірілген шығын көлемі 81 мың теңгеден астам соманы құрады, – делінген хабарламада.Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды, шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камераларымен жабдықтау қажеттігін ескертеді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.