Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
17 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қаңтарда қаза тапқан жігіттің үйіне әскерге шақыру қағазы келген

Қаңтарда қаза тапқан жігіттің үйіне әскерге шақыру қағазы келген

Қаңтарда қаза тапқан жігіттің үйіне әскерге шақыру қағазы келген
ашық дереккөзі
Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған Райс Рысбековтің үйіне әскери комиссариаттан адам келіп, әскерге шақыру қағазын тапсырмақ болған. Жақындары "Райс Рысбеков Қаңтарда қаза болды" деген кезде "қайтыс болғаны туралы анықтаманы әскери комиссариатқа апармасаңдар, миллиондаған айыппұл төлейсіңдер" деп қоқан-лоқы жасап кеткен. Бұл жөнінде Райс Рысбековтің анасы Индира Бекежанова хабарлады, деп жазады taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
14 наурызда анамның үйіне келген, себебі бәріміз әу баста сол жақта тіркелгенбіз. Үйдегілер "ол бала қайтыс болды" десе, "Ендеше қайтыс болғаны туралы анықтаманы неге өткізбейсіңдер? Өткізбесеңдер, миллиондап айыппұл төлейсіңдер" деп айқайлап кетіпті, – деді Индира Бекежанова 16 наурызда түстен кейін Азаттық тілшісіне.
Қаңтарда оққа ұшқан 19 жастағы студент Райс Рысбековтің анасы "не апелляцияның күнін белгілемей, не өлген баламызды әскерге шақырып, әбден басынды" деп ашынды. Оның айтуынша, бейсенбі күні бірнеше ата-ана Тараздағы әскери комиссариатқа барып, түсініктеме талап еткен. Ал ол жақта "шақыру қағаздарын беру жұмыспен қамту бөлімі жіберген адамдарға тапсырылған" деп жауаптан жалтаруға тырысқан. Ал жұмыспен қамту бөлімі "әскери комиссариаттан адам сұрады, біз бердік, іске қатысымыз жоқ" деген. Бейсенбі күні Азаттық тілшісі Тараздағы қорғаныс істері жөніндегі басқармаға хабарласқан кезде басқарма өкілі Жансерік Игіліков осы оқиғаға байланысты "әскерге шақырған адам бастықпен бірге прокуратураға шақырылды" деді. Ол шақыру қағазып тапсырмақ болған адамның аты-жөнін растап, ол жұмыспен қамту бөлімінен екенін айтты. Өзге сұрақтарға жауап беруден бас тартып, кейін хабарласуды өтінді. Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың жақындары "әскери комиссариат оқиғаны түсіндірсін. Бар жауапкершілікті қағазды тапсырмақ болған адамға ғана жүктеп қоймай, облыстық, қалалық әскери комиссариат өкілдері жауап берсін" деп отыр.
Бұл қорлау емес пе? Сол баяғы Тараз. Бұлар енді ана әйелді кінәлап отыр. Ол әйелге тапсырма берген адамдар бар шығар. Ол ана мекенжайды қайдан біледі? Неге олар қаза болған бала жөнінде білмейді? Демек, облыстық, қалалық әскери комиссариат кінәлі ғой", - дейді наразы ата-аналардың бірі Бақытжан Шыңғысбеков.
19 жастағы Райс Рысбеков – 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда қаза тапқан бес жігіттің бірі. Туыстарының айтуынша, оқиға кезінде марқұмның басына оқ тиген. Оның қазасынан кейін тергеу органдары марқұмның үстінен іс қозғап, биыл ақпанда Тараз соты оны қаза болған өзге төрт адаммен бірге кінәлі деп таныған. Жақындары үкімге келіспей, билік жақындарына нақақ айып тағып отыр деп айтқан. Олардың айтуынша, сотта марқұмдардың Қаңтарда "қиратып, бүлдіріп, немесе әлдекімді ұрып-соғып жатқаны туралы" бірде-бір дәлел, айғақ көрсетілмеген. Жуырда іс бойынша апелляциялық сот отырысы өтуге тиіс.