Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао және орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі арқылы екі титул үшін айқас өткізуге келісті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Фалькао Головкин босатқан IBF титулын жеңіп алғаннан кейін Жәнібекпен шығуға дайын екенін айтты. Мұның алдында Халықаралық бокс федерациясы Фалькао мен германиялық Винченцо Гуальтьери арасында осы белбеу үшін жекпе-жекті белгілеген болатын. "Менің бірінші мақсатым - IBF белебуі, одан кейін WBO чемпиондығы үшін айқасу. Мен келе жатырмын чемпиондар", - деп жазыпты Фалькао Twitter желісінде. "Кел жасайық. Мен де соны қалаймын", - деп жауап берді Әлімханұлы. "Бәрі ретімен, мені күте тұр", - деді Фалькао. "Сен ұзақ күттім. Енді қанша күтемін? 40 жасқа дейін ба?" - деп жазыпты Жәнібек. "Біздің жекпе-жек өте тартысыты болады, тек IBF белбеуіне жетіп алайын", - дейді Фалькао.
Loading...