Мәзір
18 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Астанада Елизавета II атындағы алаң ашылды

Астанада Елизавета II атындағы алаң ашылды

Астанада Елизавета II атындағы алаң ашылды Астанада Елизавета II атындағы алаң ашылды
ашық дереккөзі
Елорданың орталық саябағындағы алаңдардың біріне Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета есімі берілді, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Елизавета ІІ-нің есімімен аталған алаңның тұсаукесеріне Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли қатысты. Ол бүгін Қазақстанның астанасына келді. Алаң Қабанбай батыр даңғылының бойында, салтанат сарай кешені мен St. Regis Astana қонақ үйінің аралығында орналасқан.  width= Елордалық алаңда өткен рәсімге дейін Джеймс Клеверлиді Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Президент Ұлыбритания СІМ басшысының бүгінгі сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту тұрғысынан үлкен маңызға ие екенін, сонымен қатар, бұл сапар өңірлік ауқымдағы маңызды оқиға екенін атап өтті.  width= Еске салсақ, Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Джеймс Клеверли 18 наурызда Астанаға келген болатын. Ол сондай-ақ Ұлыбританияның Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық шикізат пен газды жеткізудің Транскаспий дәлізі арқылы баламалы бағытты дамыту жөніндегі ұсынысын қолдауды жоспарлап отырғаны туралы айтты.

Апта талқысында: