logo
search
menu

Қытайдан Қазақстанға келетін жүк көлемі үш есеге артты

Қытайдан Қазақстанға келетін жүк көлемі үш есеге артты
18 наурыз, 2023
Қытайдан Қазақстанға келетін жүк көлемі үш есеге артты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Соңғы 4 күнде Қытайдан Қазақстанға келетін жүк көлемі үш есеге артты. Дәл қазір Аспан асты елінен күніне 500-ге жуық көлік кіріп жатыр. Қазақстаннан Қытайға баратындардың да саны өсіп жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін екі елдің шекарасында кептеліс пайда болып, жүк көліктер өте алмай қалған еді. Осыған байланысты «Нұр жолы» бекетінің жұмыс уақыты ұлғайтылды. Электрондық кезек жүйесі жетілдіріліп, кеден бекетіндегі қызметкерлер саны көбейтілді. Сонымен қатар Қытайдың кеден, шекара қызметтерімен келіссөздер жүргізілген. Жауаптылар жағдай тұрақталды дейді. «Нұр жолы» өткізу пункті алдағы демалыс, мереке күндері де штаттық режимде жұмыс істейді. Қазір шекарадағы тауар айналымын арттыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы