Қазақстандық боксшылар Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы бокстан 2023 жылғы Әлем кубогында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Бұл турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы 9 медаль – бір алтын, екі күміс және алты қола еншіледі. Қазақстан атынан жалғыз Дәулет Төлемісов (80 кг) чемпион атанды. Әлихан Нұрзақ (75 кг) пен Ерсұлтан Сапар (+92 кг) күміс медаль еншілесе, Аманат Нұрлыбек (48 кг), Ислам Мәшкентаев (51 кг), Нұрбек Мұрсал (67 кг), Ислам Советов (71 кг), Дихан Шайқыбеков (75 кг) пен Нұржан Думан (92 кг) турнирді «қоламен» қорытындылады. Айта кетейік, жастар арасындағы Әлем кубогы-2023 турниріне Қазақстан командасынан 12 спортшы қатысқан болатын, олардың үшеуі медальға жетпей сүрінді. Олар: Жансері Көшербаев (54 кг), Өнер Сейілхан (67 кг) және Санжар-Әли Бегәлиев (71 кг). Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!
Loading...