Жантүршігерлік жол апаты: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр (ВИДЕО)

Жантүршігерлік жол апаты: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматыда көпірден құлаған көлікте болған адамдардың жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Жол апатынан зардап шеккендер дереу жедел жәрдем қызметімен емдеу мекемелеріне жеткізілген.

«Қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен 4 адам жеткізілді. Оларға бас сүйек-ми жарақаты, сүйек сынуы және түрлі дәрежедегі дене жарақаттары диагнозы қойылды. Тиісті медициналық көмек көрсетілген соң зардап шеккендердің бірі амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді, үшеуі ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір жағдайлары ауыр деп бағаланады. Тағы бір адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Ол №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды», – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Кеше Алматы қаласына қарасты Алатау ауданында жол-көлік оқиғасы болған. Екі көлік те Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан. Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол көпірдің тірегіне соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылған. https://www.youtube.com/watch?v=GKDg9c1hVwk

Loading...