Мәзір
20 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Алматылық мұғалім кандидаттың сенімді өкіліне шабуыл жасаған (ВИДЕО)

Алматылық мұғалім кандидаттың сенімді өкіліне шабуыл жасаған (ВИДЕО)

Алматылық мұғалім кандидаттың сенімді өкіліне шабуыл жасаған (ВИДЕО) Алматылық мұғалім кандидаттың сенімді өкіліне шабуыл жасаған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыда кандидаттың сенімді өкіліне шабуыл жасаған адам мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып шықты, деп хабарлайды taulik.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы БАҚ өкіліне Алматының Ақжар шағын ауданының тұрғыны айтқан.
«Төбелесіп жүрген қоңыр түсті киім киген адами - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ол жоғары сынып оқушыларына сабақ береді», - дейді «Ақжар» шағын ауданының тұрғыны.
Оқиға Алматы қаласының №5 округінен Мәжіліс депутаттығына өзін ұсынған кандидаттың сенімді адамы мен мұғалім арасында болған. Видео кадрынан «бақылаушы» ретінде танылған жанжалды бастаушының кандидаттың сенімді өкіліне шабуыл жасап, қолынан телефонды қағып, бетінен ұрып, мойнынан ұстап алғаны көрінеді. Сонымен қатар ол бақылаушы әйелдің қолындағы телефонды да қағып жібереді. Жанжалды көріп тұрған сайлау учаскесінің өкілдері мен күзет қызметі еш әрекет етпейді. Бейнежазбада Қасқырбай есімді тағы бір «бақылаушы» арандатушыны төбелеске жеткізбей тоқтатады. Еске салайық, 19 наурыз күні кандидаттың сенімді адамына қарсы «бақылаушылардың» бірі шабуыл жасаған видео желіде кең тарап кетті. Бір қызығы, полиция ол арандатушыны ұстамаған.

Апта талқысында: