Мәзір
20 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Маңғыстау облысында екі қыз баланы зорлаған күдікті өзіне қол жұмсады

Маңғыстау облысында екі қыз баланы зорлаған күдікті өзіне қол жұмсады

Маңғыстау облысында екі қыз баланы зорлаған күдікті өзіне қол жұмсады Маңғыстау облысында екі қыз баланы зорлаған күдікті өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі

Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы екі қызды зорлады деген күдікпен ұсталған адам полиция бөлімшесінде терезеден секіріп, өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Taulik.kz Айқынға сілтеме жасап.

Ақпаратты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Белгілі болғандай оқиға 5 ақпанда Маңғыстау облысы аудандарының бірінде болған. Әйел адам 16 және 12 жастағы кәмелетке толмаған қыздардың зорлану фактісі бойынша полицияға арыз берді.

Тергеу барысында күдікті қыздардың ата-анасының жақын танысы екені анықталды. Ер адам зорлық-зомбылық әрекетін 2019 жылдан бастап жасай бастаған. Ата-анасы күдіктенгенге дейін төрт жыл бойы зорлап келген көрінеді.

Құқық қорғау органдары арыз түскен күні жергілікті тұрғынды зорлады деген күдікпен ұстады. Ер адам өз кінәсін мойындады, көп ұзамай полиция бөлімшесінің терезесінен секіріп кетті. Ал бірнеше күннен кейін ол ауруханада қайтыс болды.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша («бірнеше рет жасалған зорлау») сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады полиция ведомствосы.

Апта талқысында: