Мәзір
20 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындысы белгілі болды

Мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындысы белгілі болды

Мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындысы белгілі болды Мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындысы белгілі болды
ашық дереккөзі
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында 19 наурызда өткен Мәжіліс депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. ОСК мәліметі бойынша, дауыс беру нәтижелері келесідей: «Аманат» партиясы – 3 431 510 дауыс немесе 53,90 пайыз; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 693 938 дауыс немесе 10,90 пайыз; «Республика» партиясы – 547 154 дауыс немесе 8,59 пайыз; Қазақстан халық партиясы – 432 920 дауыс немесе 6,8 пайыз; «Байтақ» жасыл партиясы – 146 431 дауыс немесе 2,30 пайыз; Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы – 535 139 дауыс немесе 8,41 пайыз; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 331 058 дауыс немесе 5,2 пайыз болды. Еске салайық, Қазақстанда барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Бұған дейін ОСК Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына азаматтардың қатысуы туралы алдын ала мәліметтерді жариялаған болатын. Дауыс берушілер саны 6 521 860-қа жетіп, алдын ала 54,19 пайыз дауыс берді. 12 035 578 қазақстандық дауыс беру құқығына ие болса, оның жартысына жуығы сайлау учаскелеріне келмеді. Еске салайық, елімізде сайлау алдында саяси партияларды тіркеу тәртібі жеңілдетілген болатын. Атап айтқанда, тіркеу шегі төрт есеге, яғни 20-дан 5 мың мүшеге дейін қысқартылды. Партиялардың аймақтық өкілдіктерінің ең аз саны 600-ден 200 адамға дейін қысқартылды. Айта кетерлігі, бұл жолы Мәжіліске келген партиялардың пайызы- 7-ден 5 пайызға дейін төмендеді.

Апта талқысында: