logo
search
menu

Түркістандық жүргізуші полицейді балағаттап, погонын жұлып алған

Түркістандық жүргізуші полицейді балағаттап, погонын жұлып алған
20 наурыз, 2023
Түркістандық жүргізуші полицейді балағаттап, погонын жұлып алған
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жол үстінде ұсталған құқық бұзушы погонын жұлып алып, полицейді балағаттады, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Оқиға «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде орын алған. Полиция инспекторлары әйнектері күңгірттенген, нөмірлері жоқ Daewoo Nexia көлігін байқаған. Көлік жүргізушісі полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, үйіне қарай көлікпен қашпақ болған. Полициялар бұзақыны қуып жетіп үлгерген. Одан әрі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтыру кезінде жергілікті тұрғын оның киімінің погонын жұлып алып, полицейді балағаттай бастаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі «Билік өкілін қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы