logo
search
menu
Астанада жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
ашық дереккөзі

Астанада жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

Астанада жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қайтыс болды Елордада үш көліктің соқтығысуы салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты NewTimes.kz-ке сілтеме жасап. Полиция департаментінің мәліметінше, 20 наурыз күні сағат 20.30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында үш «Тойота», «Ауди» және «Ивеко» маркалы автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған. «Соның салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді полиция департаменті. Елордалық полиция департаменті жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.