logo
search
menu

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған қыз әкесінен жүкті болып қалды

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған қыз әкесінен жүкті болып қалды
21 наурыз, 2023
Жаңаөзенде кәмелетке толмаған қыз әкесінен жүкті болып қалды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Полицейлер күдіктіні 14 жастағы қыз бен оның анасы түсік жасату үшін перинаталдық орталыққа барған соң ұстады. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Taulik.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.  24 ақпанда кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз анасымен бірге әлеуметтік себептермен бірінші жүктілігін тоқтату мақсатында Ақтау қаласында орналасқан облыстық перинаталдық орталықтың дәрігеріне барған. Қыздың жүктілік мерзімі 13-14 апта болды. Бұл туралы қалалық полицияның жедел басқармасы орталығына перзентхана мамандары хабарлады. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынасқа түскен күдіктіні анықтап, ұстады. – Күдікті жәбірленушінің әкесі екені белгілі болды. Бұл дерек Жаңаөзен ПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша тіркелді, деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. Еске салайық, кеше Маңғыстау полиция бөлімінде кәмелетке толмаған екі қызды зорлады деген күдіктінің өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы