logo
search
menu

Әйелі мен өгей қызын пышақтаған директорға сот үкімі шықты 

Әйелі мен өгей қызын пышақтаған директорға сот үкімі шықты 
21 наурыз, 2023
Әйелі мен өгей қызын пышақтаған директорға сот үкімі шықты 
ашық дереккөзі

Мазмұны

    21 наурызда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында әйелі мен өгей қызын пышақтаған мектеп директорының ісі бойынша үкім шықты. Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылындағы мектеп директорына кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылды, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Ер адам үйінде отбасылық жанжал кезінде ол әйелі мен өгей қызын пышақтап тастаған. Алайда ер адам оларды өлтіру ойында болмағанын айтты.
    "Мен ашуланып, әйелімді қорқытқым келген кезде абайсызда пышақтап алдым, оларды өлтіргім келмеді", - деді мектептің бұрынғы директоры.
    Сот айыпталушы әйелі мен өгей қызын өлтіргісі келмеген деген қорытындыға келді. Нәтижесінде сот тағылған айыпты "кісі өлтіруге оқталудан" санатынан "қорқыту" (ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы) санатына ауыстырды. Сот айыпталушыны 120 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына кесіп, жәбірленушілерге 2 миллион теңге моральдық шығын өндіруге міндеттеді. Бұған дейін облыстық білім басқармасы ер адамның мектеп директоры қызметін атқарғанына жарты жыл болғанын айтқан. Ер адам мектеп директоры қызметіне дейін аудандық білім бөлімінде әдіскер қызметін атқарған. Ол 2022 жылғы сәуірде мектеп директоры болып тағайындалды. Оқиғадан кейін бірден ер адам бұл қызметтен шеттетілді.  
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы