Ресейде шенділерге айфон ұстау – қылмыс

Ресейде шенділерге айфон ұстау – қылмыс

ашық дереккөзі

Ресей президенті әкімшілігі ішкі саяси блогының қызметкерлеріне iPhone ұстауға тыйым салынды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Abai.kz-ке сілтеме жасап. Мұндай тапсырманы Сергей Кириенконың өзі наурыздың басында президент әкімшілігінің семинарында берген. Басшылықтың пікірінше, Apple корпорациясы смартфондарын қолдану қауіпті, себебі оған «батыс мамандары тыңшылық жасау мақсатында бұзып кіруі мүмкін». «iPhone шаруасы бітті. Лақтырамыз, не балаларымызға береміз. Смартфоннан наурызда құтылуымыз керек», - деді басшылық. Мәліметке қарағанда, мұндай тыйымның президент әкімшілігінің төрт басқармасында істейтін қызметкерлерге қатысы бар. Олар: ішкі саясат, қоғамдық жобалар, Мемлекеттік кеңес қызметін қамтамасыз ету, ақпарат-коммуникация технологиялары мен байланыс инфрақұрылымдарын дамыту бөлімі. Алғашқы үш бөлім 2024 жылы өтетін президентті сайлауға дайындықпен айналысады. Президент әкімшілігі қызметкерлеріне Android негізінде жұмыс істейтін немесе Қытайда өндірілген «қауіпсіз» смартфон сатып алып беруі мүмкін. Кейінірек аймақтардағы әкімшілік шенеуніктеріне де америкалық гаджеттер пайдалануға тыйым салынады. Бұның алдында Ресей билігі шенеуніктерге Zoom платформасының орнына жергілікті Trueconf жүйесін қолдануға кеңес берген.  

Loading...