Шахтинск кеншілерінің өліміне жауапты Қалықов депутат болды

Шахтинск кеншілерінің өліміне жауапты Қалықов депутат болды

ашық дереккөзі

«АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің бұрынғы директоры Арман Қалықов депутат болды,  деп хабарлайды Taulik.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап. 2022 жылы Шахтинск қаласында кеншілердің қаза болуына жауапты адамдардың бірі атанған Арман Қалықов 145228 дауыс жинап, бір мандатты округтер бойынша жеңіске жетіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты атанды. Өткен жылдың 3 қарашасында Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шығып, оқиға салдарынан бес адам қаза тапты. Кеншілердің өліміне жауапты деп танылғандардың қатарында Ленин атындағы шахтаның басшысы мен инженерлік-техникалық қызметкерлері, Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Бас директоры Биджу Наир бар. Бұл туралы 2022 жылдың 23 қарашасында ТЖМ басшысы Юрий Ильин апаттың себептерін мен тергеу нәтижелерін айтып берді.  

Loading...