Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

ашық дереккөзі

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) Алматыда жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды taulik.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап. Тұраров мексикалық боксшы Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін күш сынасты. Айта кетейік, бұл тартысқа түскен мексикалық боксшы әлем чемпионы болатын. 12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды. Қарсылас боксшы оныншы раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты. Жанқош Тұраров кәсіби мансаында 27-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленді. Алехандро Менесес кәсіби бокста алтыншы рет жеңіліп, атағынан айырылды.

Loading...